ЖАНҒАБЫЛ Төлегенұлы (шамамен 1805 – ө. ж. б) – батыр, би, Жаппас руының Қаракөз тармағынан. 35 жасынан билікке араласқан. Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы күрескен. 1840 жылы Орынбор шекара комиссиясымен қарым-қатынас орнатқан. Райым бекінісін салуға көмектескен. 1844 жылы зауряд-хорунжий атағын алған. 1846 жылы ғ46 дистанцияның бастығына тағайындалып, ел басқарған. Ағасы Алтыбай Көбековтың ауылын шапқан соң Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан. 1844 жылы жаппастықтардан зекет жинауға келген 100 адамдық Наурызбай батыр жасағына түн ішінде тұтқиылдан шабуыл жасап, 95 адамын өлтірген. Осы қырғыннан Наурызбай қашып құтылып, жас батыр Байтабын қаза тапқан. Бұл жөнінде және Жанғабыл жайында халық ақыны Н.Ахметбековтің «Жасауыл қырғыны», О.Шипиннің «Жеті батырдың оқиғасы», Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанында айтылған.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Жанғабыл Төлегенұлы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.