Жақсылық Түменбаев (5 қаңтар 1944, Арал ауданы Сазды ауылы – 1993) – жазушы.

ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика ф-тін бітірген (1968). 1968 – 1975 ж. облысы «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр Бойы») газетінде қызметкер 1975 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары респ. «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.

Шығармашылығы Алғашқы шығармалары 1968 жылдан респ., облысы баспасөзде, «Жалын» альманахында жариялана бастады. «Қардағы іздер» (1977) «Қимас қазына» (1979) «Мен сүйген қыз» (1981) «Тас бөгет» (1984) «Махаббат қорығы» (1990) «Ақырғы демім біткенше» (1993) атты повестері мен әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жетістіктері Жастарға арналған көркем шығармалардың респ. жабық байқауында 2-, 3-бәйгені алған. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Есте сақтау Туған жерінде мектепке, көшеге Түменбаевтың есімі берілген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1944 жылы туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Арал ауданында туғандар Санат:5 қаңтарда туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері