Есберген Тоқшылықұлы Божанов (1.05.1943, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылы) – физика-математика ғылымының докторы (1997), профессор (1993). Нью-Йорк ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1993).
Еңбек жолы Қазық Мемлекеттік Университетті (1965 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) және аспирантурасын (1970 жылы) бітірген. 1965–73 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтында қызмет істеді. 1976–90 жылдары Қазақ политехника институтының Ақтау қаласындағы жалпытехника факультетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан. 1993 жылы бөлімше Ақтау политехника институты болып құрылып, оның ректоры болды. Қазір ҚазМСҚА-ның үздіксіз білім беру институтының директоры.
Ғылыми еңбектері «Исследование проблем устойчивости упругих тел, гибких пластин и оболочек и их приложения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның негізгі ғылыми жұмыстары қолданбалы математика саласына арналған. 100-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Марапаттары Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігіҚазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:1 мамырда туғандар Санат:1943 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақ КСР халықты ағарту ісінің үздіктері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Ақтаудың құрметті азаматтары Санат:Математика, информатика және механика институты қызметкерлері Санат:Қазақ ұлттық техникалық университеті декандары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлары Санат:Нью-Йорк ғылым академиясының корреспондент мүшелері Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы тұлғалары