Жамбыл Құдайбергенов Төлекеұлы (17 мамыр 1949 жыл, Тараз – 6 қазан 1990 жыл, Алматы) – киноактер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисті (1990)Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8.

Өмірбаяны Байұлы тайпасының Адай руының Қосай бөлімінен шыққан. 1974 ж. Мәскеу мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін (Б.А. Бабочкиннің шеберханасы бойынша) бітірді. Сол жылдан «Қазақфильм» студиясында киноактер ретінде қызмет етіп көптеген рөлдерде ойнады: Темір («Махаббат тәмсілінде»), Еркебұлан («Кездеспей кеткен бір бейнеде», 1977), Пойгин («Ақ бақсыда», 1982), Жауынгер («Ұзақ құс жолында», 1983), Египет сұлтанының сыбайласы («Бейбарыс сұлтанда», 1989), Софизаде («Отқа оранған Түркістанда», 1990) т.б. фильмдерде өзін көрсеткен. Құдайбергенов Жамбыл 50-ден астам фильмдердің басты және негізгі рөлдерін ойнаған. Бұрынғы одақтық республикаларда, Мәскеу және лениград студияларында жасалған фильмдардың көбінісіне түскен болатын.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері