Сағындық Жүнісұлы Кенжебаев (15.5.1924 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылы) 1985 - философия ғылымының докторы, 1987 - профессор. 1950 - Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1957-1958 - Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 2-хатшысы, 1958-1960 - 1-хатшысы, 1960-1962 - Ақтөбе обкомының хатшысы, 1962-1965 - СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылыми академиясының аспиранты, 1967-1976 - Қазақ КСР-і Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары, 1976 - жылдан Алматы педагогикалық шет тілдер институтында (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері ұлт қатынастары, еңбекші бұқараның шығармашылығы мәселесіне арналған. 150 ғылыми, оқу-педагогикалық және публицистикалық жарияланымның авторы. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1924 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:Қазақ ғалымдары Санат:Философтар Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары