Жарық күші — белгілі бір бағытта көрінетін сәуле көзінің жарқырауын сипаттайтын жарық шамаларының бірі. Ол — жарық көзінен элементар денелік бұрыштың ішімен тарайтын жарық ағынының сол денелік бұрышқа қатынасына тең.

Жарық күшінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі: кандела (кд). “Жарық күші” ұғымы жарық көзінің қашықтығы оның мөлшерімен салыстырғанда өте үлкен болған жағдайда қолданылады. "Қазақ Энциклопедиясы" Дереккөздер

Санат:Фотометрия Санат:Жарық Санат:Физикалық шамалар