Тассай — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Тассай ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын үй массиві.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2115 адам (1016 ер адам және 1099 әйел адам) болса, 2009 жылы 4786 адамды (2224 ер адам және 2562 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 20-жылдарының соңында артель болып қаланып, кейін ұжымшар болып ұйымдастырылған. 1957 жылы тәжірибе стансасы, 1970 жылы оның негізінде кеңшар-техникум ұйымдастырылды. Тассай 2000 жылға дейін Лапшино ауылы аталып келді. Ауыл арқылы Шымкент – Алматы автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Дереккөздер
Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері