Сарыжаз — Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл, Сарыжаз ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 49 км-дей жерде, Лабасы тауының етегінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен41264011 2856 71,2 2023 1531 75,7 1988 1325 66,6

Тарихы Ауыл 1953-1996 жылдары Калинин атындағы ұжымшардың орталығы болған. Оның негізінде шаруа қожалықтары, жол бөлімшесі, электр жүйесін тарату орталығы, т.б. құрылған. Округ аумағында Райымбек батырға орнатылған ескерткіш (1996), қарағайдан қиып тұрғызылған қос қабатты ағаш үйлер (1890), ежелгі қорған, обалар бар.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы елді мекендері