Сарыағаш — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қала, аудан және Сарыағаш қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 274 км-дей жерде, Келес, Құркелес өзендерінің алабында.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2591440280 59606 148 19732 29591 150 20548 30015 146,1

Тарихы Іргесі 1870 жылдары қаланған. 1904 – 05 жылдардан Сарыағаш аталады. 1926 жылдан Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің, 1928 – 39 жылдары Келес ауданының, 1939 жылдан Сарыағаш ауданының орталығы болды, 1968 жылдан қала атанды.

Кәсіпорындары Шипалы минералды су құятын «Алекс» ЖШС, «Әсем-ай» ЖШС, «Курорт – Барс –2030» ЖШС бар. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма, жіп тоқитын бұйымдарын өндіретін фабрика, «Айша бибі» ӨК мақта тазарту зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Жалпы білім беретін, музыка, спорт, кәсіптік-техникалық мектептері, Қабыланбек мал дәрігерлік колледжі, кітапханалар, мәдениет сарайы, клуб, кинотеатр, аурухана, диспансерлер, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Қала минералды суларымен және курорттарымен белігілі. Асқазан, зат алмасу, нерв жүйесі сырқаттарын емдейтін «Сарыағаш шипажайы» АҚ – Сарыағаш минералды суына негізделген. ҚазМұнайГаз "АҚ"-ның "Алтын-Бұлақ" шипажайы емделушілерге өз қызметін сапалы түрде орындауда. Қала арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы, Шымкент – Шардара автомобиль жолы өтеді.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.

Қала суреттері + Сарыағаш қаласы Сарыағашқа кіре беріс жол Дүйсенбаев көшесі Алып базары Орталық көше Жаяу жүргіншілер өткелі ортаға|250px ортаға|200px ортаға|200px ортаға|250px ортаға|200px

Дереккөздер

Санат:Сарыағаш ауданы елді мекендері Санат:Түркістан облысы қалалары Санат:Қазақстан шипажайлары Санат:Қазақстан темір жол бекеттері