Ирина Леонидовна Ким (15.5.1954 жылы туған, Қызылорда қаласы) – экономика ғылымдарының докторы (1999). 1976 - Мәскеу темір жолы көлігі инженерлері институтын бітірген. 1976-1984 - Қызылорда темір жолы бөлімшесінде аға экономист, жол байланысында инженері-экономист, 1984-1987 - Мәскеу темір жолы көлігі инженерлері институтының аспиранты, 1987-1995 - Қызылорда ауыл шаруашылық өндірісі инженерлері институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі 1995-1997 - Қызылорда облысы экономика басқармасының бастығы, қала әкімінің 1-орынбасары, * * 1997-1999 - Қызылорда арнайы экономикалық аймағы кеңесінің төраға орынбасары, 1999-2001 - облыс әкімінің экономикасы және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары, 2001-2004 - Қызылорда облысы мамандардың біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры қызметтерін атқарды. «Управления экономикой региона Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. Ким 52-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан экономистері Санат:1954 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қызылорда облысы тұлғалары Санат:Қазақстан корейлері