«Барыс» ордені — Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені.
Бұл орден ерекше еңбегі үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызмет еткені; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том.
Дәрежелері «Барыс» орденінде үш дәреже бар: І дәрежелі «Барыс» ордені жұлдыз бен иық таспасындағы белгіден тұрады. ІІ дәрежелі «Барыс» ордені кеуде қалыбындағы белгіден тұрады. ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені мойын таспасындағы белгіден тұрады.
Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: III дәрежелі, II дәрежелі және I дәрежелі. Ерекше жағдайларда көзге түсер айырмашылығы үшін мемлекет басшысының шешімі бойынша кезектілік ескерілмей марапаттар тағайындалуы мүмкін.
Сипаттамасы Орден таспасы қою көк түсті, ортасында үш сары жолағы бар. І дәрежеліде — иықтық — ені 100 мм ІІ дәрежеліде — қалыптыға — ені 32 мм ІІІ дәрежеліде — мойынға — ені 20 мм
Галерея
Тағы қараңыз Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ордендері