Майжарылған – Шу-Іле тауларының орта тұсында орналасқан тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 – 42 км-ге созылып жатыр. Енді жері 22 – 25 км. Ең биік жері 540 м.
Геологиялық құрылымы Тау төмен палеозой мен силурдың метаморфты шөгінді жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері эрозия күштер әрекетінен қатты тілімделген. Беткейлерінен Қарасай өзені бастау алып Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Алакөл көліне құяды. Өзен арналары көктемде ғана суға толады. Жаз айларында құрғап қалады.
Өсімдігі Майжарылған тауы шөл және шөлейт белдемде жатқандықтан оның сұр, сортаңды сұр топырағында шөлге төзімді жусан, бетеге, қараған, баялыш, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясыҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары