Айдар – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылынан 15 км оңтүстік-батыста орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 2,5 км2, ұзындығы 2,1 км, жағалауының ұзындығы 7,0 км. Қар, жауын-шашын және Бұлдырты өзенінің суымен толысады.
Жағалауы жазық. Қамыс, құрақ өскен. Қарашада қатып, сәуірдің ортасында мұзы түседі. Суы ащы. Жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.
Санат:Сырым ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы көлдері