Айман шатқалы – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік шетін ала орналасқан шатқал. Шатқалды Шоқабай, Қусақ өзендері және жазда тартылып қалатын арналар кесіп өтеді.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25-30 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Теңіз деңгейінен 770 – 830 м биіктікте.
Геологиялық құрылымы Делювийлі-пролювийлі шөгінділер жауып жатқан тас көмір жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Ашық қызыл қоңыр топырақты өңірінде бетеге, селеу, бітік шалғын өседі.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы географиясы Санат:Қазақстан шатқалдары