thumb| alt=A.| Киселев С. В..Сергей Владимирович Киселев (17.7.1905, Ресей, Мәскеу облысы Мытищи қаласы – 8.11.1962, Мәскеу қаласы) – тарих ғылымының докторы, профессор (1939), 1953 - КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Оңтүстік Сібір мен Моңғолия халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихына байланысты 120 ғылыми еңбектің авторы. 1930 жылы - КСРО ҒА Археология институтының аға ғылыми қызметкері, 1939 жылы - Мәскеу университетінің профессор болды. 1949–1962 жылдары - «Вестник древней истории» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1927 жылы - Алтайда, Хакасия мен Тувада, Орталық Қазақстанда археология зерттеу жұмысын жүргізді. Олардың нәтижесі Киселевтің «Оңтүстік Сібірдің ежелгі тарихы» (1949 жылы орыс тілінде басылған; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1950) деген еңбегінде қорытылды. 1948–1949 жылдары - ежелгі Қарақорым мен Хара-Балғас қалаларын зерттеген кеңес-моңғол экспедициясын басқарды. 1957–1961 жылдары - Байқал сыртындағы Кондуй сарайы мен Хирхир қаласын, т.б. зерттеп, 1965 жылы «Ежелгі моңғол қалалары» деген жинақ шығарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1950). Ленин және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1905 жылы туғандар Санат:1962 жылы қайтыс болғандар