Жеміс-жидек (2023 жылға дейін — Плодовоягодное)Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Плодовоягодное ауылын Жеміс-жидек ауылына қайта атау туралы — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылының оңтүстік-батыс іргесінде. Ауылда орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік пункт бар.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1918 2463 128,4 933 1197 128,3 985 1266 128,5

Тарихы Ауылды колхоздастырған 1929 жылдан бұрын бұл жерді Обров деген орыс жеміс-жидек отырғызған екен. Кеңсірік-мұрын ауруына шалдыққан Обров мұрнын үнемі ақ шүберекпен көлденең таңып жүретіндіктен, әрі қазақ тілін еркін сөйлей білетіндіктен жергілікті қазақтар оны "Пұшық төре" деп атап кеткен екен. Оның екі жерде: өзі қоныстанған жерде және Талдыбұлақ деген жерде жеміс-жидек бақтары болыпты. Оларды ел "Обровтың шарбағы" деп атаған.

Жеміс-жидек ауылы 1937 жылы Меркі ауданының көкөніспен айналысатын питомнигі болып құрылған. 1957 жылы Меркі аудандық мемлекеттік питомник кеңшары болып қайта құрылды. 1957 жылдан бастап көшет отырғызумен айналысып, кейіннен бау-бақша, жеміс-жидек, көкөніс өсірумен бірге, будандастырылған әртүрлі жеміс-жидек көшеттерін отырғызып өсіруде.Жамбыл облысының тоопномикалық атауларының анықтамалығы

Ауыл 1959 — 97 ж. жеміс-жидек өсіретін кеңшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Плодовоягодноеде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жамбыл ауылдық округі Жеміс-жидек ауылындағы Мира көшесінің атын өзгерту туралы Меркі ауданында өз жалғасын тауып кездесулер өтуде

Санат:Меркі ауданы елді мекендері