Аптылай Бұрқашев (20.01.1945 жылы туған, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы) –ғалым, медицина ғылымының докторы (1984), профессор (1985). КСРО спорт шебері (1969). Әлеуметтік Ғалымдар академиясының академигі (2001).

Ақтөбе медицинa институтын бітірген (1967). 1973 – 83 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында емдік физкультура және спорттық медицина кафедрасының ассистенті, доценті, меңгерушісі, 1984 – 2001 жылы Қазақ физкультура институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, 2001 – 2003 жылы халықаралық қазақ-түрік университеті Алматы бөлімшесінде директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Республикалық допингке қарсы орталықта директордың орынбасары.

Бұрқашевтің негізгі ғылыми еңбектері емдік физкультура және спорттық медицина мәселелеріне арналған. Осы салалар бойынша екі монографиясы жарық көрген. Екі өнертапқыштың авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

Дереккөздер

Санат:20 қаңтарда туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан медиктері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясы академиктері Санат:Ақтөбе медицина университеті түлектері