Ақтөбе – Сырдарияның оң саласы.
Географиялық орны Түркістан облысы Түркістан қалалық әкімдігі аумағы жерінде. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 866 км2.
Бастауы Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен басталады да, Сырдарияға жетпей сарқылып қалады.
Гидрологиясы Ағыны (төменгі ағысында) тұрақсыз, тек қар ерігенде ағады. Аңғары кең, жағалауы жазық, тегіс келеді. Жоғарғы ағысында бөгесіндер жасау жолымен егін суғаруға пайдаланылады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том
Дереккөздер
Санат:Түркістан қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы