Асхат Төлеуұлы Шәкіров (1947 жылы туған) – техника ғылымының докторы (1996), профессор (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Дүйсенбай бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017

Қысқаша өмірбаяны:

1970 жылы Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген; 1970–1992 жылдары oсы оқу орнында стажер, кіші, аға ғылыми қызметкер, Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында, Қазақстан ғылым академиясының Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтында лаборатория меңгерушісі; 1997–2001 жылдары бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, министрдің кеңесшісі;Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 2001–2002 жылдары Стандарттау, метрология және сертификаттау басқармасының бастығы; 2002–2003 жылдары Қазақ мұнай және газ институтының бас менеджері болды. 2003 жылдан Ақмола технология және стандарттау универмитетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 110-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы Санат:1947 жылы туғандар