Бала би (1997 жылға дейін — Талаптан) — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Талаптан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі ауылынан солтүстік-батысқа қарай 31 км жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 3963 адам (2059 ер адам және 1904 әйел адам) болса, 2009 жылы 4071 адамды (2112 ер адам және 1959 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін Талаптан деп аталып келген. 1973 – 96 жылдары аралығында қаракөл қойын өсіретін “Қазақстанның 30 жылдығы” атындағы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Бала биде 2 ЖШС және 5 шаруа қожалығы жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері