Константин Арутюнович Акопян (14.3.1901, Әзірбайжан, Ханлар ауданы, Мирзик ауылы – 1974, Орынбор қаласы) – ауыл шаруашылығының ғылыми докторы (1956), профессоры (1957), Ресейдің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1960). Баку ауыл шаруашылығы институтын (1927) және Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. 1937–38 жылдары Орынбор етті-сүтті мал шаруашылығы институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1958–74 жылдары Орал облысында қазақтың ақбас сиырын жетілдіру жұмысын басқарды. Негізгі ғылыми еңбектері ірі қара малын асылдандыру және оны өсіру мәселелеріне арналған. Қазақтың ақбас сиырын шығарушылардың бірі. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1951) лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер Константин Арутюнович Акопян Список киноактёров дореволюционной России, СССР, СНГ и Российской Федерации
Дереккөздер
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1901 жылы туғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:КСРО селекционерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:К. А. Тимирязев атындағы РМАУ-МАША түлектері