Роза Хасанқызы Бегайдарова (1946 жылы туған, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Жедел жәрдемде балалар дәрігері (1973–1975). Дәрігер-ординатор, лаборант-дәрігер, ассистент, доцент, профессор (1975–1998) қызметтерін атқарған. 1999 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі. 500 ғыл. еңбектің, 10 монографияның авторы.Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар