Сексен сегізінші атқыштар дивизиясы — әскери құрама. 1941 ж. қазан — қараша айларында Алматыда жасақталған. Алғашқыда 39-атқыштар бригадасы болып құрылды.

Құрамы Алматы әскери пулеметші-атқыштар училищесінің, Орта Азия әскери округінің сержанттар құрамы және мергендер курсы курсанттарынан, республиканың оңтүстік облыстары тұрғындарынан және ҚазМУ-дың студенттері мен оқытушыларынан жасақталды.

1941 ж. 23 — 27 желтоқсанда Солтүстік-Батыс майданы, ал 1942 ж. 22 қаңтар 6 ақпан аралығында Калинин майданы құрамына беріліп, қорғаныс ұрыстарында болды. 1942 ж. 29 сәуір — 8 шілде аралығында 4-резервтік армияның құрамына беріліп, толықтырылудан өтіп, Сексен сегізінші атқыштар дивизиясы деп аталды. 1943 ж. Батыс майданы құрамында Смоленск облысының көптеген елді мекендерін жаудан босатты, Москва — Минск тас жолын бақылауға алып, Орша қаласы маңындағы қорғанысқа қатысты. 1944 — 45 ж. 3-Беларуссия, 1-Украина майдандары әскерлері құрамында Беларуссия, Литва, Польша жерлерін басқыншылардан азат етті.

Осы ерлігі үшін дивизияға “Витебскілік” құрметті атағы беріліп, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Суворов, Кутузов ордендерімен марапатталды.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Қызыл Ту орденімен марапатталған әскери бөлімдер Санат:II дәрежелі Суворов орденімен марапатталған әскери бөлімдер Санат:II дәрежелі Кутузов орденімен марапатталған әскери бөлімдер Санат:Ұлы Отан соғысындағы КСРО атқыштар дивизиялары Санат:1942 жылы құрылған әскери бөлімдер және құрылымдар