Парсы әдебиеті,Қазақ энциклопедиясы 7 т,Литература Востока в средние века, М., 1970Мухаммад Жағфар Яххақи, Чун сабу-е тешне, Тегеран, 1997Прозалық әдебиет. // Маусымдық жинақ. ғ 51, Тегеран, 2000.Ө. Күмісбаев, Т. Қыдыр екімыңжылдық тарихты қамтиды.
Парсы әдебиеті тарихын шартты түрде 4 дәуірге топтастыруға болады: 1) ежелгі әдебиет (алғашқы қоғамдық құрылыстан б.з. 3 ғ-ына дейін); 2) орта ғасырдағы сөз өнері (4 ғ-дан 17 ғ-дың ортасына дейін); 3) жаңа дәуір әдебиеті (17 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезең); 4) ояну ғасыры немесе “машрутият” – конституциялық кезең (1906 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Ежелгі әдебиет нұсқаларына көне пеһлеви тілінде жазылған “Динкерд”, “Бәндәхшан”, “Эрдовирноме”, “Ардошир Бобеконның ісі”, “Тонсер хаты” және “Құдайнама” сияқты әдебиет нұсқалар жатады. Сондай-ақ б.з.б. 6 – 4 ғ-ларда сына жазуы үлгісінде Ахемен әулетінің патшасы Дарийдің бұйрығымен жазылған Бехистун сына жазуы да осы дәуірдің еншісінде. Ерте ортағасырлық әдебиет Орта ғасырларда парсы әдебиеті дамып, шарықтау шегіне жетті. Зерттеушілер В.Б. Никитин мен Р.Г. Левковская ортағасырлық парсы әдебиетін 4 дәуірге жіктейді: 1) ерте ортағасырлық әдебиет (3 – 7 ғасырлар); 2) қайта өркендеуге дейінгі (8 – 9 ғасырлар); 3) қайта өркендеу дәуірі (10 – 15 ғасырлар) және 4) орта ғасырдың соңғы кезеңіндегі сөз өнері (16 – 17 ғасырдың ортасы). Сасани әулеті билік құрған дәуірде (224 – 651) зороастризмнің, Авеста жәдігерлігінің әдебиетке ықпалы зор болды. Бұл тұста дүниеге келген сөз өнері үлгілерін ғалымдар ауызша туындаған (“Зарерді еске алу” батырлық эпосы, 6 ғасыр) және жазба дәстүрдегі әдебиет деп бөліп қарайды. Ерте ортағасырлық ескерткіштердің бірі “Ассирия ағашы мен ешкі” шешендік дәстүр аясында туындаған. Ағаш пен ешкінің сөз сайысы нәтижесінде бойдың емес, ойдың биік болғаны дұрыс деген идея түйінделген, аспанмен таласқан ағаш астарына аристократтар мен билік басындағылар алынған. Ежелгі ирандықтардың діни сенімдері көп сатылы болып, сөз өнеріне де әсер етті, әдебиеті діни-дидакт. сипатта көрініс тапты. Қайта өркендеуге дейінгі әдебиет Қайта өркендеуге дейінгі әдебиет (8 – 9 ғасырлар) жаңа мен ескінің күресі үлгісінде көрінді, ақындар сөз өнеріндегі исламның әсерін қабылдамай, ежелден дамыған рухани құндылықтарды сақтауға ұмтылды. Әдебиетте шуубиттер аталған мұндай ағымның бастауында Абдаллах ибн әл-Мукаффа (759 ж.ө.) тұрды. Әл-Лахики, ибн Ясар, ибн Бурд Тохаристани сынды ақындар араб тілінде, араб өлеңі үлгісінде жырлай отырып, парсы поэзиясы мен мәдениетін дәріптеді. 9 ғасырда парсы поэзиясы жаңа пішіндік түрмен толықты, ғазел, мәснәуи, рубай секілді өлең үлгілері сол кезеңде туындап, күні бүгінге дейін жетті. Ханзалы Бадгиси (835 ж. ө.), Аббас Марвази, Әбу Хафс Соғди Самарқанди (9 ғасырдың 2-жартысы), Әбу Салика Гургани секілді ақындардың жаңа түрдегі өлеңдері классикалық әдебиет үлгілері туындауының алғышарты болды. Қайта өркендеу дәуірі Қайта өркендеу дәуіріндегі (10 – 15 ғасырлар) парсы әдебиеті ең гүлденген әдебиет саналды. Қыпшақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950), Хорезмдік Әбу Райхан әл-Бируни (973 – 1048/50), Бұхарада туған Әбу Әли ибн Сина (980 – 1037), т.б. энциклопедист ғалымдардың парсы тілдерінде жазылған құнды еңбектері парсы әдебиетін дамытты. “Ақындардың атасы” атанған Ә.Рудакидің (860 – 941) дидакт. жырлары, Ә.Фирдаусидің (940 – 1020/30 ж.ш.) “Шахнамасы” (994 – 1010 ж.ш.), Омар һайямның рубайлары (10 – 12 ғасырлар), Мәуләуидің “Мәснәуиі”, А.Ансари (1002 – 1088), Санаи (1048 – 1126/93/94) сынды сопылық поэзия өкілдерінің жырлары, Ф.Аттардың (1141 – 1229 ж.ш.) “Мантақатут таиыры”, Г.Низамидің (1141 – 1209) “Хамсасы”, Ж.Руми (1207 – 1279), Сағди (13 ғасыр), Хафиздердің сырға тұнған өлеңдері (14 ғасыр), Ә.Жәмидің (1414 – 1492) “Бәһористаны” (1487), т.б. шығармалар, бірнеше поэзиялық топтамалар дүниеге келді. Мұндай туындыларда адами құндылықтар мен Жаратушыға деген ұлы махаббат жырланды. Олардың қаламынан туған құнды еңбектер әлем әдебиетінің алтын қорына қосылды. Көптеген қаламгерлердің шығармаларына әсер етті. Соның ішінде Рудакидің адамдық қасиеттерді жырлаған гуманистік сарындағы өлеңдері Абай поэзиясына ықпал етті. Фирдаусидің классик. туындысы “Шахнаманы” қазақ тіліне аудару ісінде Ораз молда (1856 – 70), Сердәлі ақын (1888), М.Сералин (1914 – 15), М.Дәулетбаев (1934), Т.Ізтілеуов (1934, кітап болып 1961, 2004 ж. шықты) есімдерін ерекше атауға болады. Ораз молда туындыны қара сөз бен өлең араластыра кең ауқымда тәржімалады, бірақ оның еңбегі басылып шықпады. Ал Тұрмағамбет ақын Фирдаусидің 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында 11 ай көлемінде қайта жырлап шыққан “Рүстем – Дастанды” М.Әуезов аударма емес, төл туынды ретінде бағалады. Әлемдік классикада жоғары бағаға ие “Шахнаманы” А.Тәжібаева Ташкентте басылған шағатай нұсқасынан (1908), І.Әбдіқадыров Әзірбайжан тіліндегі нұсқаға сүйене келе проза үлгісінде, сондай-ақ Б.Алдамжаров (“Мәнушәһір”, 1973; “Кей Хосрау”, 1976) тәржімалады. Омар һайям рубайларын қазақ оқырманына І.Шаңғытбаев (325 рубай, 1965), Ө.Күмісбаев (2004) танытса, Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына ауызша әрі жазбаша тарады, оның негізінде Абай “Ескендір” поэмасын жазды, Шәкерім сюжеттік желілерін шығармаларында пайдаланды. Жәмидің “Жүсіп – Зылиқа” (1483), “Ләйлі – Мәжнүн” (1484), т.б. туындылары қазақ арасына кең тарады. Сондай-ақ Зийа әд-Дин Нахшабидің “Тотынамасы” мен Кей-Қаустың “Кабуснаме” (1082 – 83) секілді прозалық шығармалары да осы дәуірдің еншісіне тиді. “Кабуснаменің” кей тарауларын Ы.Алтынсарин аударды, Абайдың қара сөздерінің жанрлық, стильдік табиғаты осы шығармамен өзектес болды. Орта ғасырдың соңғы кезеңінде (16 ғасыр мен 17 ғасырдың ортасы) Иранда кітап басу ісі қолға алына бастады, 1641 жылы алдымен христиан әдебиеттері басылып шықты. Парсы әдебиетінің бұл кезеңінде туындаған С.Табризидің (1607 – 77) лирикалық жырларын, өмірінің соңында ғана лайықты бағасын алған Н.Герати (1601 – 1671) шығармаларын атап айтуға болады. Орта ғасырдың соңғы кезеңіндегі сөз өнері