Геннадий Андреевич Борков (30 наурыз 1905, бұрынғы Ярославль губерниясы, Рыбинск уезі, Панфилов селосы – 25 ақпан1983, Мәскеу) – саяси қайраткер, Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы.
Өмірбаяны 1934 жылы К.А. Тимирязев атындағы ауыл шарушылығы академиясын бітірген. 1919 – 30 жылдары Ярославль губренисында комсомол, партия органдарында жауапты жұмыстар істеді. 1935 – 37 жылдары БК(б)П ОК-нің аппаратында 1937 – 45 жылдары БК(б)П Воронеж облысы партия ұйымының 2-хатшысы Новосибирск облысы партия ұйымы мен Хабаровск өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болды. 1945 – 46 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы болып сайланды. Борковтың билігі кезінде Қазақстандағы қой санын 19 млн-ға жеткізу көзделінді. Қазақстанды орыстандыру саясаты жалғасты. Халықтың тұрмысы нашарлады. Өзінің Қазақстандағы қысқа қызметінде ол негізінен іс барысымен танысумен болды. 1946 – 48 жылдары КОКП ОК-де 1948 – 55 жылдары Саратов облысы комитетінде 1-хатшы 1955 – 60 жылдары КСРО ауыл шарушылығы министрінің орынбасары қызметтерін атқарып, кейіннен одақтық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты. 2 рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Санат:Ярославль облысында туғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:К. А. Тимирязев атындағы РМАУ-МАША түлектері