Изафет (парсыша ezāfe, арабша ) — зат есім сөздердің бір-біріне бағына байланысуынан жасалған сөз тіркестері. Изафет көбіне иран, түркі, семит тілдерінде және урду сияқты иран тілдерінің ықпалына түскен тілдерде кездеседі.
Парсы изафеті Парсы тіліндегі изафет түрлері осындай мақсаттарда қолданылады: Тиесілілікті белгілейді: barādar-e Maryam — Мәриямның ағасы/інісі. Есімдіктермен де пайдаланылады, мәселен barādar-e man — менің ағам/інім, бірақ ауызекі тілде көбінесе тәуелдік жалғауды қолданады: barādar-am — ағам/інім. Сын есім–зат есім сөз тізбегі ретінде: barādar-e bozorg — үлкен бауыр (аға). Ат пен тек/лауазым/атақ: Mohammad-e Mosaddeq — Мұхаммед Мосаддық, āghā-ye Mosaddeq — Мосаддық мырза. Екі зат есім байланыстыру: khiābān-e tehrān — Тегеран көшесі немесе Тегеранға жол.
Түркі изафеті Түркі тілдерінде, солардың қатарындағы қазақ тілінде, изафеттің үш түрі бар: Бір зат есім сөздің екінші зат есімге анықтауыш болып, қосымшасыз қабыса байланысуы арқылы жасалған сөз тіркесі: аллюминий қасық, шуашша чукун çул — темір жол, түрікше orta parmak — ортаң терек, тура аудармасы орта саусақ. Нөлдік тұлғадағы зат есімнен тұрған анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғаудың үшінші жағындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі: орман аңы, өзбекше O’zbekiston Respublikasi — Өзбекстан Республикасы. Ілік септіктегі анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғаулы анықталатын сөзден тұратын сөз тіркесі: аңшының мылтығы, түрікше atın ölümü — аттың өлімі.
Изафет түрлері контекстіге қарай бір-біріне ауыса алады. Мәселен, ауыл баласы – осы ауылдың баласы, бұл мектептің оқушылары – мектеп оқушылары. Изафеттің сыңарлары бір-бірінен алыс тұрып та, байланыса береді, мысалы студенттің бүгін берген жауабы.
Басқа тілдерде Түркі изафетіне ұқсас құрылым фин-угр тілдерінде де табылады, алайда олар шығыс тілдері болмағандықтан ол құрылымды атау үшін изафет термині көбінесе қолданылмайды: Удмуртша мынам киы — менің қолым, ныллэн книгаез — қыздың кітабы. Мажарша Ferenciek tere — Францискандар алаңы.
Албан тілінде парсы изафеті тәрізді құрылым бар. Оны құру үшін оқшау артикльді қолданады. Мәселен, djali i urtë — ақылды ұл бала, bija е partizanit — партизанның қызы, Akademia e Shkencave e Shqipërisë — Албания Ғылым Академиясы.
Дереккөздер
Санат:Морфология (лингвистика) Санат:Синтаксис Санат:Иран тілдері Санат:Түркі тілдері he:סמיכות