Валентина Степановна Корнилова (29 қаңтар 1908, Қазан, Татарстан – 1988, Алматы) – биология ғылымының докторы (1963), профессор (1964).

1930 - Қазан университетін бітірген. 1935-1964 - ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, доцент, профессор, 1964-1984 - кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

«Основные этапы развития Кайнозойских флор в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері ботаника, палеоботаника мәселелеріне арналған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медалдармен марапатталған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Қазан университеті түлектері