thumb| alt=A.| Моисей Израилевич Корсунский.Моисей Израилевич Корсунский (19.4.1903, Ресей, Ростов қаласы – 6.10.1976, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1945), профессор (1944), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962). 1926 - Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политехникалық институтын бітірген. 1926-1928 - Ленинград Физика-техникалық институтының аспирантурасында оқыған. Т 1929-1934 - Омбы Сібір физика-техникалық институтында лаборатория жетекшісі, 1934-1938 - Украинадағы Харьков фармацевтика институтында кафедра меңгерушісі, Украина физика-техникалық институтында бөлім бастығы, 1952-1962 - Харьков авиация институтында кафедра меңгерушісі, Харьков политехникалық институтында профессор қызметтерін атқарған. 1962-1976 - Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында бөлім меңгерушісі болды.
Негізгі ғылыми еңбектері ядролық физикаға, қатты дене физикасына, шала өткізгіштер физикасына арналған. Ол – рентген сәулелерін және оның көмегімен заттың құрылысын, сондай-ақ ядролық изомерия құбылысын алғаш зерттеушілердің бірі. Оның көптеген ғылыми еңбектері зарядталған бөлшектерді фокустау әдісіне арналған. Шала өткізгіштердің фотоэлектрлік қасиетін зерттеу нәтижесінде олардағы аномалды фотоөткізгіштік құбылысын ашты.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар