Қойбақов Бауыржан Мелдебекұлы (1952 жылы т., Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Шымбұлақ а.) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1996). Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1974, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) бітірген. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Осы институтта зертхана меңгерушісі, экспедиция бастығы, бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. 50-ден астам ғылым жарияланымның авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1952 жылы туғандар Санат:Жуалы ауданында туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент-мүшелері Санат:Тараз мемлекеттік университеті түлектері