Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.

Қорықтар тізімі Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.

#СуретАтауыҚұрылған жылыКөлемі, гаОрналасқан жерi 1 150px Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы 1926 131 934 Түркістан облысы және Жамбыл облысы 2 150px Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы 1964 71 700 Алматы облысы 3 150px Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы 1934 191 381 Қостанай облысы 4 Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы 1939 160 826 Қызылорда облысы 5 150px Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы 1968 543 171 Ақмола облысы және Қарағанды облысы 6 150px Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы 1976 102 979 Шығыс Қазақстан облысы 7 Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы 1984 223 342 Маңғыстау облысы 8 Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы 1992 86 122 Шығыс Қазақстан облысы 9 Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы 1998 65 217,9 Жетісу облысы және Абай облысы 10 Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы 2004 34 300 Түркістан облысы

Қорықтар орналасуы картасы

Сыртқы сілтемелер «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Санат:Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары

Санат:Қазақстан бойынша тізімдер