Кеген — ауыл, Алматы облысы Кеген ауданы және Кеген ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Қонаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км-дей жерде, Кеген өзенінің сол жағалауында, қожабидай, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен таудың қызыл қоңыр, қара топырақты даласында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен80789049 8740 96,6 4379 4423 101 4670 4317 92,4
Тарихы Іргесі 1841 жылы қаланып, "Бекет" деп аталған. Ұжымдастыру жылдарында "Құмтекей" ұжымшарының орталығы болды. 1963–1997 жылдары Кеген ауданының, Қызылту кеңшарының және Кеген ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооперативтер, ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. 1997-2022 жылдары Райымбек ауданының орталығы болды.
Инфрақұрылымы Баспахана, тұрмыстық қызмет көрсететін комбинаты, сауда орталығы, клуб, мәдениет үйі, кітапханалар, 3 орта, 1 орталау мектеп, мектеп-интернат, аудандық аурухана, т.б. мекемелар бар. Кеген арқылы Алматы – Нарынқол, Алматы – Қарақол (Қырғызстанда) автокөлік жолдары өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Кеген ауданы елді мекендері