Федор Кириллович Кердань(1925–2002) — соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (29.6.1945). Соғысқа дейін Жуалы ауданында (бұрынғы Түркістан облысы) тұрған. Қызыл Армия қатарына 1942 жылы шақырылған. Чехословакия жерін жаудан азат ету барысында Моравска-Острава операциясы кезінде көрсеткен асқан ерлігі үшін батыр атағына ие болған. Соғыстан кейін Челябі әскери авиациялық училищесін (1947), Ульяновск жоғары ұшқыштар дайындайтын мектепті (1951) бітіріп, Минск қаласының аэропортында, кейіннен Ялтада санаторийде қызметтер атқарды. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том Сілтемелер

Санат:Кеңес Одағының батырлары