Ауданбек Көбесов (1932, Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылы – 8.5.2008, Алматы қаласы) – педагогикалық ғылымының докторы (1990). Ысты руынан шыққан. 1952 - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Жамбыл облысы Талас ауданындағы мектептерде сабақ берді, мектеп директоры болды. 1959 - жылы ҚазПИ-де оқытушы, доцент, 1987-1997 - ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарды.

«Әл-Фарабидың педагогикалық мұрасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Көбесов 300-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік жарияланымның, оның ішінде Әл-Фарабидің ғылыми-педагогикалық мұрасына арналған көптеген мақала топтамасының авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан педагогтары