Ержан Байғожаұлы Жатқанбаев (31.01.1944, Алматы облысы Талғар қаласы) – экономика ғылымдарының докторы (1995), професор (1997), ҚР Жоғары мектебі ғылыми академиясының корриспондент мүшесі (1996).
Қысқаша өмірбаяны 1968 Мәскеу мемлекеттік университетін; 1971 аспирантурасын бітірген. 1968–84 Қазақстан Жоғары оқу орындары мин-лігінде қызмет атқарған; 1984–97 ҚазМУ-да (ҚазҰУ) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, професор, осы университеттің экономика және құқық институтының директоры, проректоры болды. 2001 жылдан ҚазҰУ-да декан.
Еңбектері Негізгі еңбектері аралас экономика, мемлекет және нарық мәселелерін зерттеуге арналған. «Закономерности становления смешанной экономики» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 80-нен аса ғылыми еңбектің авторы.Шығармалары: Основы формирования смешанной экономики, 1992; Основы смешанной экономики, 1996 (на каз. яз.); Этика бизнеса, 1997; Государство и рынок, 1997; Методы научных исследований в экономике, 1998; Становление рынка государственных ценных бумаг, 1999.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:31 қаңтарда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Талғарда туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті декандары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Экономика және құқық институтының директорлары