Азат – Сілеті өзенінің оң жағалауындағы тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Майлан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1-1,5 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 335 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3-3,5 км созыла орналасқан, ені 2-2,5 км. Шығыс және оңтүстік беткейлері жазық, батыс және солтүстік-батысы тік жарлы келген. Жоғарғы девон интрузивті жыныстарынан құралған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары