Сьюзен (Жужа) Полгар (, туылған кезіндегі аты — ; 19 сәуір 1969, Будапешт, Венгрия) — мажарлық және американдық шахматист, ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық дәрежедегі гроссмейстер, шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионы (1996 — 99). ФИДЕ-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004) Global Chess AcademyОл 12 жасында 16 жасар қыздар арасындағы жарысқа қатысып, Венгрияның чемпионы атанды. 1981 ж. Варна қаласында өткен халақаралық турнирде бас жүлдені еншіледі. 1986 ж. ерлер арасындағы Венгрия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол сіңлілері София, Юдит және замандасы Ильдико Мадлмен бірге 1988, 1990 жылдардағы бүкіләлемдік шахмат олимпиадаларында алтыннан алқа тақты. 1994 ж. Тилоргте әлем чемпиондығына үміткерлер турнирінің қорытындысында Полгар М.Чибурданидземен 1 — 2 орынды бөлісті. Осы екі шахматшы арасындағы қосымша матчта 5,5:1,5 есебімен Полгар жеңді. Сөйтіп венгр қызы әлем чемпионы қытайлық Се Цзюнмен 1996 ж. Испанияның Хаэн қаласында кездесті. Бұл матчта 8,5:4,5 есебімен жеңіске жеткен Полгар әлем чемпионы атанды.

Дереккөздер</span> «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Санат:Мажарстан шахматшылары Санат:Шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпиондары