Ілияс Райханұлы Құлмағамбетов (21.6.1954, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1991), профессоры (1994).

Еңбек жолы Алматы мемлекеттік медицина институтын (1977, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Трансплантология және жасанды органдар ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1982) бітірген. Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, кафедра меңгерушісі (1983–2001) болып жұмыс істеді. 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) ректоры.

Ғылыми жұмыстары 1999 ж. «Разработка интегральных методов оценки функционального состояния систем дыхания и кровообращения при интенсивной терапии» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 240-тан астам ғылыми жарияланым мен 7 монографияның авторы.

Марапаттары Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:21 маусымда туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Трансплантология және жасанды органдар ғылыми-зерттеу институты түлектері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті оқытушылары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары Санат:Қазақстан терапевтері Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының ректорлары