Шейх Хайдар хан (туған жылы белгісіз – 1471 жыл) — XV ғасырдағы көшпелі Әбілхайыр ордасының билеушісі. Шайбани әулетінен шыққан Әбілхайыр ханның баласы. 16 ғасырдағы жазба деректерге қарағанда, Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр хан тағына әкесі қайтыс болғаннан кейін тікелей мұрагерлік жолмен отырған.
Бірақ Шадидің “Фатхнама” атты еңбегінде Әбілхайыр қайтыс болған соң хан тағына Жәдігер (Ядғар) ие болды деп көрсетілген. Дегенмен, әр түрлі деректердің барлығы Шейх-Хайдар бен Әбілхайырдың өзбек ұлысында билік құрғанын баяндайды. Бірақ ол елде берік тәртіп орната алмады. Соңында әскер басылары да Шейх-Хайдар бен Әбілхайырды тастап кетуге мәжбүр болды. Оның осындай әлсіздігін пайдаланған Жошы хан әулетінің өкілдері Айбақ хан мен Ахмед ханның әскерлері Шейх-Хайдар бен Әбілхайырға шабуыл жасап, оны талқандады. Осы шайқаста ханның өзі де қаза тапқан.
Дереккөздер Әбілқайыр хандығы, Ахмедов, Мәскеу., 1965 жылы Қазақ хандықтарының тарихы бойынша 15 – 18 ғғ. материалдар, Алматы., 1969 жылы Қазақстан тарихы, 2-т., Алматы, 2002
Санат:Шайбани әулеті Санат:Орталық Азия тарихы