Көкөзек – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Павлодар облысының Ақсу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 км, су жиналатын алабы 508 км2.
Бастауы Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерден басталып, Шүрексор көліне құяды.
Гидрологиясы Аңғары тар, құм, саздақты, арнасы тік жарлы (2 м-дей). Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Көктемде ғана ағады, жазда иірімдерге бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағыны сағасынан 9 км жерде 0,060 м3/с. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 11 - том
Дереккөздер
Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы