Хабидолла Тастанов (12 шілде 1926, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы – 5 маусым, 1980, Алматы) – музыкатанушы, педагог, домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972).

Өмірбаяны 1950 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) домбыра класын бітірген. Қ.Жантілеуовтің шәкірті. 1950 жылдан осы консерваторияның халық аспаптары кафедрасында ұстаздық (1980 жылдан профессор) етті. 1959 – 61 ж. КСРО Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Ұланбатыр қаласында (Моңғолия) моңғол өнері онкүндігін ұйымдастыру және өткізу жұмысына басшылық етті. Баян-Өлгий музыкалық-драма театры жанында қазақтың тұңғыш халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Осы еңбектері үшін 1960 ж. Моңғолияның “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды.

Оқулық кітаптары Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек, А., 1956; Пьесалар. Домбыра үшін, А., 1957; Алғашқы домбыра үйрену мектебі, А., 1966; Домбыраға арналған этюдтер мен пьесалар, А., 1966; Қуанамын. Партитура, А., 1977. Аспаптық және вокалдық шығармалары “Алатау аясында” “Тыңға аттану” “Қазақ биі” “Толғану” “Қуанамын” “Романс”, т.б. Марапаттары Моңғолияның “Алтын жұлдыз” ордені (1960 ж.)Қазақ энциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:12 шілдеде туғандар Санат:1926 жылы туғандар Санат:Мұғалжар ауданында туғандар Санат:5 маусымда қайтыс болғандар Санат:1980 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан музыкатанушылары Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Домбырашылар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Алтын жұлдыз орденінің (Моңғолия) иегерлері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары