Александр Васильевич Афанасьев (7.7.1905, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы – 4.4.1965, Алматы қаласы) – зоолог, биология ғылыми доктор (1950), профессор (1960). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университеті (1930) мен КСРО ғылым академиясының аспирантурасын (1935) бітірген. 1936 жылдан Қазақстанда тұрып, Қазақстан ғылым академиясының Төралқасында ғалым-хатшы, бөлім меңгерушісі, Зоология институтында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі (1936–65) қызметтерін атқарған. Афанасьевтің 45-тен астам ғылыми еңбегі Балқаш, Іле және Жоңғар Алатауы, Орталық Қазақстан және Солтүстік Қазақстан, Зайсан, Ертіс бойы мен Оңт. Алтай, т.б. жерлерде таралған сүтқоректілердің таралуы, экологиясы, зоогеографиясы мәселелеріне арналған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы
Шығармалары Звери Казахстана, А.-А., 1953 (соавт.); Зоогеография Казахстана, А.-А., 1960.
Дереккөздер
Сілтемелер OZON.ru - Александр Васильевич Афанасьев. Краткая биография автора ...
Санат:Қазақстан зоологтары Санат:1905 жылы туғандар Санат:1965 жылы қайтыс болғандар