Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет (2011), Парасат ордендерінің иегері (2020).
Өмірбаяны Батыр Сыпатай атындағы мектепті бітірген. Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген (1975) әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1989). 1976 жылдан Қазақконцертте әнші.
Жетістіктері 1981 жылы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен А.Малдыбаев атындағы халықаралық өнер жарысының жеңімпазы. «Сазген» ансамблінің құрамында Италияда өткен фольклорлық фестивальдың Гран-при жүлдесін жеңіп алған. Сәмидинова концерттік бағдарламамен әлемнің көптеген елдерінде болып келеді.
Марапаттары 2011 жылы президент жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 2020 жылы президент жарлығымен "Парасат " орденімен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақконцерт әншілері Санат:Жігер фестивалінің лауреаттары