Титикака (, , ) – Оңтүстік Америкадағы Орталық Анд тауында орналасқан тұзды көл.

Географиясы Жер шарының биік таулы өңірінде орналасқан көлдердің ең үлкені (3812 м биіктікте). Перу мен Боливия мемлекеттерінің шекарасында орналасқан. Аудан 8,3 мың км², суының көлемі 710 км3. Ұзындығы 150 км, ені 70 км, орташа тереңдігі 304 м.

Көл қазаншұңқыры тектоникалық жолмен қалыптасқан, жағалауы қатты тілімделген, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағалауы тік беткейлі.

Су алабы Титикакаға 45 өзен (ірісі Рамис) құйып, Десагуадеро өзен ағып шығады. Десагуадеро өзен Поопо көліне құйып, оны Титикакамен жалғастырады. Титикака – ежелгі көлемді суқойманың қалдығы; суының химиялық құрамы мұхит суына жақын.

Суының орташа температурасы 11°С. Көл суы балық аулау, кеме қатынасы, жер суару үшін пайдаланылады.

Жағалауында ірі портты қала – Пуно орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығысы мен аралдарда ежелгі үндіс мәдениетінің ескерткіштері бар.

Галерея

Сілтемелер

Lake Titicaca – The Highest Navigable Lake in the World Bolivian Navy and Naval Ensign Management issues in the Lake Titicaca and Lake Poopo system: Importance of developing a water budget Peru Cultural Society – Lake Titicaca History

Санат:Боливия көлдері Санат:Перу көлдері