Ермек Бекмұратұлы Бекмұратов (1942 жыл, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Бөген ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1991).

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1968, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті). 1968–1970 ж. Отырар ауданы ауруханасының дәрігер-рентгенологы, 1970–1973 ж. аспирант. 1973–1976 ж. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер. 1976–1982 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4-Бас басқармасының Орталық ауруханасында рентгенорадиология бөлімінің меңгерушісі. 1983–1991 ж. Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, рентген-радиоизоляциялық диагностика бөлімінің меңгерушісі. 1991–1997 ж. Халықаралық қазақ-түрік университетінде мед. ф-тінің деканы, 1997 жылдан оқу және ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры.

Бекмұратовтың 104 еңбегі, 2 монографиясы бар.Қазақ энциклопедиясыОтырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан медиктері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлары Санат:Халықаралық қазақ-түрік университеті декандары