Кейп-Бретон (, ) — Атлант мұхитындағы арал. Солтүстік Америка жағалауында, Қасиетті Лаврентия шығанағына кіретін тұсында орналасқан. Арал Канаданың Жаңа Шотландия провинциясы аумағында. Ауданы 10,0 мың км². Жер бедері кристалл жыныстарынан түзілген таулы қырат. Абсолют биіктігі 532 м. Аралда ауданы 932 км² болатын Брад’Ор к. орналасқан. Кейп-Бретон аралы аралын шырша орманы басқан. Ауданы 95 мың га болатын Кейп-Бретон-Хайлендс ұлттық саябағы бар. Қрі елді мекендері: Сидни және Глейс-Бей.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Атлант мұхиты аралдары Санат:Жаңа Шотландия аралдары