Сұлутөр — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, Сұлутөр ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км-дей жерде, Кіндіктас тауының қиыр шығыс бөлігінде, бұта аралас, сұлыбас, бетеге, тағы басқа әр түрлі шалғын шөптер өскен, қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тау баурайының әсем аңғарында орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен966 751 77,7 486 378 77,8 480 373 77,7

Тарихы Ауыл 1992 жылға дейін "Малоархангельское" деп аталып келген. 1954-1997 жылы қой өсіретін «Қызыл Октябрь» ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Сұлутөрде 1997 жылдан «Сұлутөр» ЖШС-і және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Қордай ауданы елді мекендері