Көпбай Әлімбетұлы (1904, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы – 1985) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті. Дастан-қиссалары «Алмас – болат» Арнау, толғаулары «Туған өлкем», «Алатау – ырыс аймағым», «Арыс – Түркістан каналы», «Ер шопан», «Ақ бидай». Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады. Көпбай – айтыскер ақын Ол Айнабек Нысанұлы (1943), Мыңбай Сұлтанбеков (1945), Желеу Жақыпұлы (1957), Әбдіғаппар Айтақов (1964), Құлжабай Төлеуов (1965), т.б. ақындармен айтысты. Айтыстары мен өлеңдерінің біразы «Айтыс» (3-т., А., 1966), «Ақындар жырлайды» (1968) жинақтарында жарияланған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-томҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:1904 жылы туғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер