Владимир Михайлович Вишневецкий (15.7.1900, Украина, Харьков облысы, Купянск ауданы – 28.12. 1981, Сайрам ауданы) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (9.2.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза офицерскому и сержантскому составу артиллерии Красной Армии» от 9 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 24 февраля (№ 11 (271)). — С. 1).
Азамат соғысына қатысқан. Соғыстың алдында Жуалы ауданына қарасты Казанка ауылдық кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2-дүниежүзілік соғыс майдандарында ұрысқа қатысып, Днепр үшін болған шайқаста зеңбірек командирі аға сержант Вишневецкий жаудың 4 танкісін, 3 пулеметшісін жойып ерекше ерлік көрсетті. Соғыстан кейін Сайрам ауданында кеңшарда жұмыс істеді.
Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:15 шілдеде туғандар Санат:1900 жылы туғандар Санат:Купянск ауданында туғандар Санат:28 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1981 жылы қайтыс болғандар Санат:Сайрам ауданында қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО аға сержанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:Шымкентте жерленгендер Санат:Ресейдегі Азаматтық соғыстың қатысушылары Санат:Сталинград шайқасының қатысушылары Санат:Курск шайқасының қатысушылары Санат:КОКП мүшелері