Амангелді Ғалымжанұлы Құрашев (2.11.1946 ж.т.,Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1997).
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент, кафедра меңгерушісі (1982–90) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері бет-пішінінде ауытқушылықтары мен кемшіліктері бар науқастардың кеселін айқындап, хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін жетілдіруге арналған. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қаратөбе ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары