Акация () — бұршақ тұқымдас өсімдіктерге жатады, мимоза мен бұршақ гүлділер тұқымдастары тармағына жататын түрліше ағаштар мен бұталардың жалпы аты. Акация 700 түрі бар. Олар: сенегал акациясы, жібек акациясы, ақ акация, сары акация, шарқараған, сөлбір қараған; бозқараған.
Қарағанды қаласының атауы осы өсімдікке байланысты қойылған.
Қасиеттері Жапырақтары күрделі, қауырсын тәріздес;
Жапырақтары шағын жапырақшаларға бөлінгендіктен, қалемшесі қауырсынға немесе қырыққұлақтың жапырағына ұқсайды.
Сары немесе ақ гүлдер шоғы болады;
Құрғақшылық аймақтарда өсетін қараған көбіне тікенекті болады;
Қараған түрлі өнімдер өндіруде қолданылады;
Сенегал қарағаны "гуммиарабика" деп аталатын камедь өндіреді, оны желімдеуіш материалдар, фармацевттік препараттар, сия, тәттілер және т.б. қолданылатын танид көп мөлшерде болады;
Қара қараған құнды ағаш материалының көзі болып табылады.
Таралуы Қараған өсетін табиғи орта — әлемнің тропиктік және субтропиктік аймақтары, негізінен, Аустралия, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америка және Тынық мұхит аралдары.
Тағы қараңыз
Дереккөздер Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Санат:Бұршақтар тұқымдасы
Санат:Өсімдіктер Санат:Еуразия флорасы Санат:Солтүстік Америка флорасы Санат:Оңтүстік Америка флорасы Санат:Африка флорасы